2017 жылдың 1-тоқсанына жасалған есепте жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2% дан 3,8%-ға дейін төмендеген. Бұл туралы Ranking сайты жариялаған зерттеу нәтижелерінде көрсетілді.

Қазақстанның кей өңірлерінде жұмыссыз жастардың саны республикалық деңгейден де асып отыр. Олардың басым бөлігі – Маңғыстау облысы (6,5%), Қарағанды облысы (6,1%), Алматы (5,3%) қаласында.

Ал жұмыссыздық деңгейі төмен өңірлерге – ШҚО (2%), ОҚО (1,7%) және Атырау облыстары (1,5%) кіреді.

Жалпы қазіргі таңда Қазақстанда 15-24 жас аралығындағы 2 миллион жастар бар екен, олардың 49% жұмыспен қамтылған.

Фото: ranking.kz

Ал жастардың үштен бір бөлігі ОҚО мен Алматы қалаларында шоғырланған. Бірақ  жұмыспен қамтылғандар саны сәйкесінше 33% және 49% көрсеткішке жеткен.

Ал Ақмола облысы мен Астана қалаларында жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі жоғарғы нәтижені көрсетіп отыр. Бұл өңірлерде жастардың  61% және 56% пайызы толықтай жұмыспен қамтылған.

“The Qazaq Times”