«Жапон теңізі» ме, әлде «Шығыс теңіз» бе? Жапония және Оңтүстік Корея алда болатын Халықаралық Гидрографиялық Ұйымының (ХГҰ/ ҮАҰ) Ассамблеясында ортаға салмақ.

Оңтүстік Корея «Yonhap» агенттігі 23 сәуір күні сол елдің Сыртқы істер министрлігінің жариялаған хабарламасын таратты. Онда XIX кезекті ХГҰ Ассамблеясы осы айдың 24-28 күні аралығында Монакода өтетіндігі хабарланған болатын. Жапон және корей елдері екі ел ортасындағы теңіз мәселесін ортаға салмақ. Қатысты мәліметтерге сүйенсек, ХГҰ белгілеген халықаралық стандарт «Теңіз-мұхиттағы шекаралар» (Үшінші реткі қаралым) бойынша теңіз картасының соңғы нұсқасы 1953 жылы бекітілген. Ал, төртінші қайта қарау нәтижесі әзірге дейін кешігуінің бір себебі, Жапония және Корея арасындағы «Шығыс теңіз» мәселесіндегі келіспеушілік.

Корея Сыртқы істер министрлігі жариялаған мәліметте, Оңтүстік Корея жағының бұл мәселедегі басты ұстанымы – екі ел арасындағы теңізді «Шығыс теңіз» деп атау. Алайда, бұл шешімге жету тактикасын кешеуілдетуі мүмкін. Яғни, Жапониямен бір бітімге келгенше «Шығыс және Жапон теңізі» деген атауды қабылдайды. Ал, бұл теңіз туралы жапон танымы өзгермейді. Олар Жапон аралдары қоршап жатқан бұл теңізді «Жапон теңізі» деп қана қабылдайды.

Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі сөзінде: «Біз бұл реткі Ассамблеяда Корея мүддесіне саятын аталған мәселеде, «Шығыс теңіз» атауын алуға тырысамыз», – деді. Сонымен бірге ресми Сеул сол елдің Сыртқы істер министрлігі, Теңіз істері және балық шаруашылығы министрлігі, Қорғаныс министрлігі Теңіз армия бөлімі, Мемлекеттік Теңіз-мұхит істерін зерттеу институты, Солтүстік-Шығыс Азия тарихы қоры қатарлы 30-дан астам мекемені жұмылдырып, тарихи маңызға ие мәселеде өз жеңісін қолға келтірмек.

Естеріңізге сала кетейік, Корея 1997 жылы аталған ұйымның алғашқы жиналысында осы мәселені ортаға қойған болатын. Алайда, Жапонияның басымдылығымен бұл дауда дегеніне жете алмай келеді. Осы жолы екі ел 5-ші рет аталған тақырыпта пікір таласқа түскелі отыр.

The Qazaq Times