Лондон полициясы Парсонс-Грин метро аялдамасында болған жарылысты террорлық акт деп хабарлады.

Sky News телеарнасының мәліметінше, Лондон метросына болған жарылыстан 20 адам түрлі дене жарақатын алған. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:20 шамасында метро вагондарының бірінде болған. Жарылғыш зат вагон ішіндегі қоқыс жәшігіне жасырылған.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Лондон метросының Парсонс-Грин аялдамасында жарылыс болғаны хабарланған болатын.

“The Qazaq Times”