Сауд Арабиясының ресми өкілдері сейсенбіде жасаған мәліметінде, сол елдің Қауіпсіздік күштері «Ислам мемлекеттері» террористік тобының Қорғаныс министрлігінің ғимаратына бағытталған лаңкестік шабуылын алдын алғанын хабарлады. Сонымен бірге, террорлық тобының тыңшылары деп танылған күдікті адамдарды тұтқындағанын айтты. Елдің қорғаныс өкілдері таратқан мәліметте бұл екі жағдайдың бір-бірімен қатысы бар жоғы анық айтылмаған.  Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты жазды.

Аталған елдің қауіпсіздік қызметкерінің бірі елдің ақпараттық агенттігінің журналистеріне берген мәліметке қарағанда, полиция тарапынан төрт күдікті қамауға алынған. Оның ішінде Сауд Арабиясында жалған атпен кірген йемендік екі азамат та бар. Қолға алынған күдіктілердің жарылғыштарды және жарылғыш орнатылған киімдерді жасағаны анықталды. Бұл әрекеттеріне қарап, оларға Сауд елінің  Қорғаныс министрлігінің ғимаратына шабуыл жасамақ болған деген күдік тағылған. Рейдтік полиция қызметкерлері, сондай-ақ, гранаталар мен басқа да қару-жарақты қолға түсірген.

Соңғы жылдары «Ислам мемлекеті» ұйымы Сауд Арабиясының Америка Құрама Штаттарымен одақтастығын бірнеше рет айыптады. Сонымен бірге Сауд Арабиясы қорғаныс және қауіпсіздік бөлімімен шит мұсылмандарына қарсы зымыран және бомбалы шабуылдар ұйымдастырды.

Аталған елдің ақпарат агенттігі қауіпсіздік бөлімінің жасырын дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы Қорғаныс тараулары жақында өз ішіндегі тыңшылық жүйені талқандағанын мәлімдеді. Бұл тыңшылық жүйесі шетелдіктерге сол елдің қорғаныс құпияларын ашып береді деген айыптар тағылған.

Ресми өкілдердің бірі Reuters агенттігіне берген хабарында, бұл бірнеше күдіктінің шетелге құпия ақпарат жеткізетінін, соның ішінде «Мұсылман бауырластар» ұйымы да бар екенін айтқан. Саудтың Араб елі 2014 жылдың наурыз айында «Мұсылман бауырластар» ұйымын террористік ұйым ретінде танитынын мәлімдеді. Ал, биыл маусым айында Сауд Арабиясы бастаған бірқатар араб елдері аталған ұйымды қаржыландырды деп айыптап, Катармен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген болатын.

Сондай-ақ, күдіктілер «тыңшылық жүйе басқа екі елмен байланысқа шықты, сол елдердің қаржылық және басқа да қолдау түрлерін қабылдай отырып, Сауд Арабиясының мүдделеріне зиян келтірді» деп айыпталды. Тергеу әлі де жалғасуда. Сондықтан, тыңшылардың астасқан елдері туралы тізім әлі де жария етілмеді. Дегенмен ақпарат көздерінің айтуынша, күдіктілердің бірі Йемендегі Гуссер қарулы күштерінің мүшесі болып шыққан.

“The Qazaq Times”