Жапонияның Хиого аймағы (Hyogo) Оңтүстік-Авадзи  аралы әкімшілігінің Білім басқармасы 18 мамыр күні  жариялаған хабарда,  сондағы көне қала қирандыларынан  2 мың жылдық тарихқа ие метал (қола) ақша табылған. Жапония «Экономика» басылымының ресми сайтында 19 мамыр күні жарияланған хабарға қарағанда, бұл металл ақшалар шамамен жыл санаудан бұрынғы 14-40 жылдары Қытайда жасалған болып шықты. Яғни, бұл металл ақшалар б.з.д. 300 жылдан б.з. 250 жылдар аралығындағы «Яуой» дәуірінің жәдігерлеріне жатады.

Қатысты хабарларға қарағанда бұл реткі табылған металл ақшаларды қосқанда Жапониядан 179 көне заман ақшалары табылған. Алдайда, Оңтүстік-Авадзидан табылған бұл көне дәуір монеталары тым сирек кездеседі. Аталған орындағы ғылыми орталықтың айтуынша бұл Авадзи аралының тарихтағы маңызды сауда-тасымал торабы болғандығын айғақтайды деп отыр.

Дегенмен бұл туралы Қытай басылымдарының пікірі мүлде басқа. Жаплы Қытай тарихшыларының бір бөлегі бүгінгі Жапонияны бірнеше мың жыл бұрын Қытай жерінен қоныс аударған мәдениеттің өкілдері деген ойды дәлелдегісі келеді. Кей ғалымдар Жапония қытай жерінен жазаланып қуылған бір қауым елдің ұрпақтары деген көзқараста болып келеді. Жапон жерінен табылған көне заман монеталары мұның айқын дәлелі деп көрсетуде.

Қалай десек те бүгінші Қытай мен Жапонияның саяси теке-тірес олардың тарихи танымына да үлкен әсер етеді. Айталық, Қытайдың қазіргі мектеп оқулықтарында қытай иероглифтері Таң династиясы дәуірінде Жапонияға барған делінеді. Ал, Жапонияда мұның керісінше. Осыған дейін де Жапонияда табылған тарихи жәдігерлерге Қытай тарихшыларының таласы көп.

“The Qazaq Times”