Қырғызстан Жоғарғы соты премьер-министр әрі президент міндетін атқарушы Садыр Жапаровқа қатысты қылмыстық істі қайта қарап, оны ақтау туралы үкім шығарды.

Тиісті шешім қылмыс құрамының жоқтығына байланысты қабылданған. Садыр Жапаровпен бірге депутат Талант Мамытов пен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев те ақталып шыққан. Олардың барлығы «билікті күшпен басып алмақ болды» деп айыпталған.

15 қазанда Қырғызстанның президенті Сауранбай Жәнібеков (Сооронбай Жээнбеков) отставкаға кеткенін жария етті. Заң бойынша оның өкілеттілігі Жоғары кеңеш спикеріне өтуге тиіс. Алайда, сипкер өкілеттіліктен бас тартқандықтан президенттің құзіретті билігі жақында ғана түрмеден шыққан Садыр Жапаровтың қолына өтті.

Бұл жағдайға халықаралық ұйымдар алаңдаушылық білдірген. Еуропалық одақ өкілдері Қырғызстандағы саяси жағдайға байланысты мәлімдемесінде, президенттің өкілеттілігі жаңадан келген премьер-министрге берілгені күмән туғызатынын айтқан. БҰҰ тарабы да Қырғызстандағы саяси күштерді құқықтық нормаларды сақтауға шақырған.

14 қазанда қырғызстан парламенті кезектен тыс отырысында Садыр Жапаровты үкімет басшысы етуді мақұлдаған. Ол 4 қазанда өткен парламенттік сайлаудан кейінгі ереуілдер кезінде түрмеден шыққан болатын.

2013 жылы Қырғызстан билігі Жапаровты Құмтөр алтын кенішін мемлекет иелігіне алу талабымен Қарақол ауылында митинг ұйымдастырып, сол кездегі Ыстықкөл облысның әкімін кепілге алған деген айыппен 2017 жылы тамызда соттап, 11 жылға түрмеге қамаған еді.

"The Qazaq Times"