Оңтүстік Қазақстан облысында экстремизмді насихаттап, діни материал таратқан 8 адам тұтқындалды. Полицейлер ұлттық қауіпсіз комитеті қызметкерлерімен бірлесіп, күдіктілерді үйлерінде қолға түсірген. Бұл туралы облыстық ІІД өкілдері мәлімдеді.

Қамауға алынғандардың барлығы діни алауыздық тудырып, елді бүлікке шақыратын аудио және видео жазбаларды әлеуметтік желі арқылы таратқан екен. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың барлығы тергеліп жатыр.

“The Qazaq Times”