Нұрсұлтан Назарбаев ресми іс-сапармен Қытайға бармақ.

Сәуір айының 24-і күні Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ресми іс-сапармен Қытайға барды. Іс-сапар барысында ол қытайлық әріптесі Ван Имен кездесті. ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Әбдірахманов пен Ван И қазақ-қытай қарым-қатынасы жөнінде және Нұрсұлтан Назарбаевтың алда келе жатқан ресми іс-сапарына байланысты ұйымдастыру жұмыстыры жөнінде келіссөздер жүргізген.

Сонымен қатар Қайрат Әбдірахманов Ван Имен кездесу барысында екі ел азаматтарының қауіпсіздігі мен адам құқығы және су ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде мәлімдеме жасаған.

Естеріңізге салайық, сәуір айының 24-і күні Алматы қаласында Қытайдағы қазақтардың жергілікті билік тарапынан көріп жатқан қысымы мен қудалауына байланысты қоғамдық қабылдау өткен. Жиынға зиялы қауым өкілдері, азаматтық белсенділер, оппозициялық саясаткерлер мен Қытайда қамауда отырған қандастарымыздың туыстары қатысқан. Олар ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан аталмыш жағдайға байланысты араша сұрап, арнайы қарар қабылдаған.

“The Qazaq Times”