Оңтүстік Корея КХДР-ға қарсы психологиялық соғысын тоқтатты – деп хабарлайды Ренхап ақпарат агенттігі.

Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі таратқан мәлімет бойынша, Оңтүстік пен Солтүстік арасында өтетін саммит кезінде шекаралық аймақтардағы КХДР-ға қарсы бағытталған порпагандалық сарындағы дыбыс күшейткіштерден тарайтын барлық психологиялық шабуылдар тоқтатылады. Бұдан бөлек ведомства таратқан мәлімдемеде: «Біз бұл шаралар екі елдің бір-біріне қарсы  бағыттаған пропагандалық шабуылдарының аяқталуына алып келеді деп үміттенеміз» - делінген.

Естеріңізге салайық, Оңтүстік Корея КХДР-ға қарсы «психологиялық соғысын» 2015 жылы бастаған. «Психологоиялық  соғыстың» бір бөлігіне шекаралық аймақтарда Ким Жоң Ун билік жүйесін сынайтын радио бағдарламалар жүргізу енген. Оңтүстік Корея әскері күніне төрт-бес сағаттан дыбыс күшейткіш арқылы аталмыш бағдарламаларды насихаттаған.

“The Qazaq Times”