"Арменияның төртінші президенті, Армен Саркисян дүйсенбі, 9 сәуір күні арнайы Ұлттық жиналыстың (парламент) арнайы отырысына қатысты», - деп хабарлайды РИА ақпараттық агенттігі.

Ұлықтау рәсімінде ант қабылдаған Саркисян: «Армения Заңына адал болуға ант етемін. Өз міндетімді атқару барысында әділ әрі бейтарап болуға, мемлекеттік және ұлттық мүдделерді басшылыққа алып, бар күшімді ұлттық бірлігіміздің нығаюына жұмсауға ант етемін» , - деді.

Армения тарихында алғаш рет мемлекет басшысы жалпыұлттық сайлау арқылы емес, парламент депутаттары арқылы сайланды. Мұндай рәсім 2015 жылы елдің президенттік басқарудан парламенттік басқару формасына өтуін бекіткен конституциялық реформа арқылы қарастырылған. Сайлау 2 наурызда өткен болатын, онда Саркисянға 90 депутат дауыс берген.

Төртінші президент қызметіне кіріскеннен кейін өтпелі кезеңнің құқықтық іс-шаралары аяқталып, Армения парламенттік республикаға айналды. Бұдан былай билік парламент пен үкіметтің қолына өтіп, ал президент тек уәкілдік міндет атқарады.

“The Qazaq Times”