Теһран полициясы ереуілшілерге қарсы оқ атты – деп хабарлайды Frontnews ақпарат көзі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ақпан айының 19-ы күні Иран астанасы Теһран қаласында билікке қарсы ереуіл өткен. Жергілікті полиция шерушілерге қарсы қару қолданған. Алдын ала болжамдар бойынша екі адам жарақат алған.

Естеріңізге салайық, Иран Ислам Республикасында билікке қарсы шеру 2017 жылдың 28 желтоқсанында басталған болатын. Қарапайым дүкендегі жұмыртқа бағасының қымбаттауынан бастау алған шеру, ақырында ел билігіне ашық қарсылық ереуіліне ұласқан.

“The Qazaq Times”