14 желтоқсан күні кеште АҚШ пен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлескен. Дональд Трамп пен Владимир Путин телефонда екі ел қарым-қатынасы мен Корей түбегі мәселелері туралы талқылаған. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты хабарлады.

Хабарға қарағанда, екі ел басшыларының телефон арқылы сөйлесуін АҚШ тарабы ұсыныс еткен. Қоңырау кезінде Трамп пен Путин АҚШ-Ресей қатынасын дамыту және әлемдегі кейбір таласты, даулы мәселелер төңірегінде пікір алмасқан. Айталық, Корей түбегі мәселесін шешу туралы ақылдасқан. Екі ел басшылары үкіметтердің жоғары деңгейдегі кездесу отырысын ұйымдастыруға шақырды.

АҚШ жақтың бұл туралы жасаған мәлімдемесінде, Трамп Путинге жыл қорытындысы конференциясында АҚШ-тың биылғы табысты экономикасын мойындағанына рахмет айтқан. Сонымен бірге АҚШ тарабының хабарында екі президент Солтүстік Корея мәселесінде бірлесе жұмыс істеуге келіскен.

Мәскеуде өткен баспасөз мәслихаты кезінде Путин Ресей-АҚШ байланысының айтқанда, Трамптан екі ел қарым-қатынасын дамытады, сайлау алдындағы сөздерін орындайды деп үміттенетінін айтқан.

“The Qazaq Times”