Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған 7 желтоқсан күні Грекия астанасы Афинаға сапарлай барды. Бұл 65 жылдан бергі Түркия басшыларының алғаш рет Грекияға жасаған сапары. Бұл туралы «People» басылымының ресми сайты хабарлады.

Екі ел үкіметінің жоғары дәрежелі отырысында Грекия премьер-министрі Ципрас пен Түрикя президенті Ердоған үш сағатқа созылған кеңес өткізді. Ресми дереккөздерінің мәліметіне қарағанда, екі ел басшылары Эгей теңізіндегі территориялық құқық және Кипр бейбітшілік процесі туралы сөз болған. Түркия мен Грекияның бірлескен терроризмге қарсы күрес қуатын арттыру мәселесі де қарастырылған.

Грекия мен Түркия үкіметтері арасындағы дипломатиялық дағдарыстың тарихы ұзақ. Бұл екі ел арасындағы Эгей теңізі иелік құқығы дауынан тартып, бірқатар тарихи, геосаяси себептермен байланысты. Түркия үкіметі тарабынан президент Исмет Инәню билігінен кейін Грекияға бірде бір түрік басшы сапарлап бармаған.

“The Qazaq Times”