Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының шаруалары 5500 гектарға егілген бақша өнімдерінен бүгінгі күні 134 мың тоннадан астам қауын, қарбыз өнімін жинаған. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Диқандар күздік бақша өнімдерінің 55 760 тоннасын Германия, Балтық елдері мен Ресей елінің Мәскеу қаласына және Новосібір, Пенза, Самара облыстарына жөнелтті.

Ал, 63 мың тонна қауын мен қарбызды Астана мен Алматы қаласына жіберсе, қалғанын облыс нарығына саудалаған. Шаруалар Сырдария және Арыс өзенініӊ игілігін тиімді пайдаланып, өздеріне тиесілі алқаптарда жиын-терім науқанын ойдағыдай жүргізуде.

“The Qazaq Times”