Халықаралық ғылыми қауымдастық Бразилияның табиғаты үшін алаңдайды. Аталған мәлімдеме әлемнің 65 елінен жиналған мыңға жуық эколог ғалымдар Бразилияның оңтүстігіндегі Фос-де-Игуасуде бас қосқаннан кейін жасалды. 

Бразилияның Президенті Мишель Темер соттың көмегімен ерекше қорғауда болған Амазонка ормандарына қол сұқпау туралы декреттің күшін жойды. Ел Үкіметі Амазонка ормандарынан пайдалы қазбалар өндіруді қолға алуды жоспарлап отыр.  Биліктің бұл қадамына қарсы ел ішінде қарсылықтар мен шерулер болғанына қарамастан, қоршаған ортаның табиғи қалпын сақтап қалу туралы ұсыныстар әзірге ескерілмей отыр.

Ғалымдардың бірі "Бразилия Латын Америкасындағы көшбасшы мемлекет болғанымен, экологиялық мәселе жөнінен алдыңғы қатарға шыға алмай отыр" деген пікірін білдірді. Зерттеушілер тобы күрт азайған бюджетті қайта толтыру үшін Амазонка ормандарына орасан шығын келтіретін ресурстарды өндіру жұмыстарын бастауға қарсы екендіктерін жеткізді.

“The Qazaq Times”