Шинхуа агенттігінің 8 шілдедегі Бейжіңнен берген хабарында,  зерттеушілер ұялы телефонның адам мидының таным қабылетін әлсірететінінне көз жеткізген. Сіздің қолфоныңыз мейлі қосулы немесе сөндірулі күйінде тұрса да, миыңызға зақым келтіреді. 

Осы зерттеудің шын, өтірігін дәлелдеу үшін АҚШ Тэксас Университетінің Остон оқу орнындағы мамандар 800 адамға сынақ жасаған. Адамдарды үш топқа бөліп, олардың ұялы телефондарын тыныш күйге қойып, олардың бір тобын иелері жанқалталарына салған, ал бір тобын үстелдің астына қойған, тағы бір топ ұялы телефонды іргелес бөлмеге қойып, пайдаланушылардың үлкен миындағы өзгерістерге сынақтар жүргізген.

Сынақ натижесі көрсеткендей,  ұялы телефон іргелес үйге қойылып, адамдардан алыс тұрғанда олардың үлкен миларының таным қабылеті жоғарырақ болған, одан кейін  үстелдің астына ұялы телефондарын қойғандардың таным қабылеті орташа болған. Ал,  телефонды жанқалтасына салғандардың есте сақтау, таным қабылеттері төменірек болған. Осыған негізделіп мамандар ұялы телефон адамның көзіне көрініп, көкірегімен сезінуге болатын жақын аралықта тұрғанда, адамның үлкен миын қарбаластыққа түсіріп,  еріксізден назарын аударып, адамның есте сақтауы мен таным деңгейін төмендетіп жібереді деген қорытынды шығарған.

Осы салада еңбектенген ғалымдар адамдардың бүгінгі қоғамның айырылмас бөлігіне айналған ұялы телефоннан үлкен мидың ауыр дәрежеде зақымданып жатқанынын айтып дабыл қағады.

Қаншама он мыңдаған жолдардан тұратын қиса-дастарндар мен халықтық жырларды, мыңдаған жылдарға тамырын жайған шежірелерді жатқа айтып бүгінге жеткізген, жаратылысынан жадындағы еш халықта болмаған кереметімен танылған қазақ жұртының да бүгінгі таңда, еңкейген кәрісінен еңбектеген баласына дейін  «ұмытшақтық»  сырқатына шалдығуының бастауы қолымыздағы алақандай бұйымда екенін ескере жүргеніміз абзалырақ сияқты. Қайсыз бір ғалым айтқандай, «Адамзат өздері өйлеп тапқан ғылым мен техникасы өздерінің түбіне жетуі мүмкін».

Әділет Ахметұлы

 “The Qazaq Times”