2017 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының проблемалы активтерінің көлемі 40,5 млрд теңгені құраған және ол 21 эмитентке тиесілі. Бұл қордағы жалпы активтерінің 1%-ын құрайды. Бірақ Әзербайжанның халықаралық банкіндегі 71,3 млрд теңге әлі бұл категорияға қосылмаған, деп мәлімдеді БЖЗҚ-ның басқарушы директоры Жанар Төлегенова.

«Бұл активтер зейнетақы портфелінде ресми тіркелген, олардың баланстық құны 71,3 млрд теңгені құрады. Оны қайтару, қарызды қайта құрылымдау механизмдері активтер қайта бағаланғаннан нақтыланады", - деді Сәуле Егеубаева.

Зейнетақы қоры өкілінің сөзінше, БЖЗҚ активтерінің 60%-ы ААА және ВВВ рейтингіндегі қаржы ұйымдарына инвестицияланған және оның сақталуы жоғарғы деңгейде кепілдендірілген.

Десек те Сәуле Егеубаева БЖЗҚ-ның ықтимал проблемалы активтеріне қатысты сұраққа "Ұлттық банк пен қор менеджменті оған қатысты мониторинг жүргізіп жатыр, бірақ нақты қанша екенін айтуға әлі ерте" деп жауап берді.

"The Qazaq Times"