Корей түбегіне орнатылатын «Сад» зымыранға қарсы жүйесі Корея мен Қытай екі ел арасында саяси алауыздық тудырып отырғаны белгілі. Корей Түбегінің бүгінгі шиеленісі Қытай мен Оңтүстік Корея арасындағы осы алауыздыққа тікелей қатысты. Оңтүстік Корея көп жылдан бері АҚШ-тың әскери қолдауына ие болып келеді. Шығыс Азиядағы АҚШ-тың ықпалы артқан сайын Қытай үкіметі де Солтүстік Кореяны астыртын қолдауын күшейте бастады. Айталық Қытай мемлекеттік және жекелеген кәсіп орындары арқылы Солтүстік Кореяның ядролық сынақты дамытуына қолдаушы болып келеді. Соңғы кездегі Оңтүстік Кореяға кіргізілген «Сад» зымыранға қарсы «Сад» жүйесі Қытай мен Оңтүстік Корея арасындағы 30 жылға таяу жалғасқан тату-ынтымақты қарым-қатынасына сызат салды.

Қазіргі кезді екі ел ақпараттық құралдарында бірін-бірі сынап-мінеу дағдыға айналып барады. Қытаймен арадағы ынтымақтастық бүлінгеннен кейін Оңтүстік Кореяның экономикасына айтарлықтай ықпал ететіні анық. Бұл Қытайға да ұқсас ықпал ететін іс. Алайда екі елдің ақпарат кеңістігі бұл шындыққа кереғар тұрғыда ақпараттық соғыс жасап отыр. Айталық, Қытай ақпарат құралдары Кореяның әр бір қадамын аңдып, экономикасындағы Қытайдың ықпалын барынша маңызды етіп көрсетуге тырысуда.

Екі елдің саяси алауыздығынан кейін елдер ара туристердің қатынауы күрт төмендеген. Кореяға Қытай ұлы құрлығынан келетін туристердің саны бұрынғыдан 63 пайызға азайған. Кореяның туристік компаниялары шығынға батып жатса да Корей баспасөзі қытайлық туристердің орынын, Оңтүстік Шығыс Азияның туристері толтырып жатқанын айтады. Мейлі қалай десе де Шығыс Азиядағы даму қарқынымен әлемді таңдандырған екі елдің арасындағы салқындық, тараптардың экономикалық кірісіне айтарлықтай кері әсер етті.

“The Qazaq Times”