Мексикада жер сілкіністен қаза тапқандар саны 273 адамға жетті деп хабарлайды BBC онлайн қызметі. Құтқарушылар қирандының астында қалғандарды іздестіруде. Күші 7,1 балл шамасындағы жер сілкінісінен оннан астам ғимараттар қирап, миллиондаған адамдар электр жарығынсыз қалды.

Елдің президенті Ернике Пенья Ньето «апаттан зардап шеккендерді құтқару ең басты міндет» деп бұйырық шығарды. Құтқару қызметіндегілер бас қала Мексикадағы қираған он ғимараттың астында «тірі қалғандар бар болуы мүмкін» деп отыр. Ал, елдің оңтүстігіндегі апаттан қираған Энрике Ребсамен мектебінің ғимаратының алдында 500 әскер, 200 полиция қызметкері және еріктілерден құралған құтқару командасы тоқтаусыз тазалау, іздеу қызметін жалғастырғанына бір жетіге жақындады. Аталған орыннан жеткен соңғы деректерге қарағанда 11 оқушы құтқарылған, алайда тағы 19 оқушы қиранды астында қаза болған. Құлаған ғимарат астында тағы 6 ересек адам көз жұмған.

Сол елдегі BBC тілшілерінің айтуынша, құлаған ғимараттардың тағы бірінде офистер болған, онда 30-дан астам тірі қалған адам бар болуы мүмкін деп отыр.

Полиция тараулары әр жерде аза білдіру қимылдарын ұйымдастыруға бақылау жасауда. Шағын түрдегі тәртіпсіздіктердің жаппай тәртіпсіздіктерге ұласуының алдын алу үшін барлау қызметін арттырған.

“The Qazaq Times”