Соңғы күндері Ресей үкіметін әуре сарсаңға салған «телефон терроризм» істері болып отыр. Ресейдің көптеген қалаларында жасырын номерлермен қоңырау шалып, әлеуметтік орындардың бірінде жарылғыш орнатылған деген мазмұндағы хабарлама беріп, үкімет орындары мен полицияны әуре сарсаңға салған әрекеттердің көбі дерлік жалған болып шықты. Бұл жасырын қоңыраулар үкіметті мақсатты түрде әбігерге салу әрекеттері ретінде қаралып, Кремльдің назарына ілінді. Бұл туралы "Шинлаң" ақпараттық сайты жазды.

Кремльдің мәлімдемешісі Дмитрий Песков 15 қыркүйек күні түстен бұрынғы жасаған хабарламасында, Ресей президенті Владимир Путинге «телефон терроризмі» туралы мәлімдеме берілгенін айтты. Ол бір күн бұрынғы мәлімдемесінде: «Бұл нағыз «телефон терроризм» әрекеті. Қоңыраулар арқылы қоғам тыныштығын бүлдіру ісі болып саналады. Бұдан ел президенті хабар тапты, әрі істі тексеріп анықтауға нұсқау берді. Қазір қауіпсіздік тараулары бұл жасырын қоңырауларды анықтаудың барлық шараларын іске қосты. Тексеру ісінің жемісті болуын күтіңіздер», – деді.

Соңғы бес күнде жасырын қоңыраулары арқылы хабар беріп, белгілі бір сауда орталығы немесе вокзалдарда жарылғыш қойылған деген хабарламалар Ресей қауіпсіздік қызметкерлерін әуреге салып келген. Мұндай «телефон терроризм» істері елдің орталық қаласында да болып, жалпы саны 40 мыңнан астам адамдар айтылған орындардан эвакуацияланды. Алайда, бұл хабарламалардың бәрі де жалған болып шықты.

Ал тұтас Ресей аумағында анонимді телефон қатеріне байланысты 12 қыркүйекте 13 қыркүйекке дейін, адамдар көбірек жиналатын 402 орыннан кем дегенде 130 мың адам көшірілді.

Ресейлік құқық қорғау органдарының дереккөздері хабарында, бұл қоғам тыныштығын бүлдіру әрекеттері «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымымен байланысы бар болуы мүмкін делінген. Әрі қоңыраулардың көбі Ресейдің территориясынан тыс жерлерден соғылған болуы мүмкін деген болжам да бар. Қазір Қауіпсіздік және барлау органдары күдіктілерді іздестіру үстінде.

“The Qazaq Times”