Ресейлік «Спутник» және Қытайдың «Шинхуа» және «Шинлаң» ақпараттық агенттіктерінің бүгінгі хабарына қарағанда, АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі елдегі Ресей елшілік ғимаратының қызметкерлеріне тиесілі тұрақ орындарын жауып тастағанын айтқан. Ол сөзінде жақын арада Ресейдің осындай қадамға баратынына сенімді екендерін, АҚШ СІМ тарабы Ресеймен келіссөз жүргізуге дайындалып жатқанын айтқан. Бұл туралы «Шинлаң»-ның ресми сайтында жазылды.

Екатеринбург осыдан бұрын американдық және британдық дипломаттардың көлік тоқтатуына арналған жол белгілерін алып тастаған болатын. Петербордағы (Санкт-Петербург) АҚШ-тың бас консулдығы тротуарда және заңсыз тұрақ орнына жақын жерде болды.

Қазір АҚШ пен Ресей арасындағы «Дипломатиялық соғыс» шырқау шыңында тұр. Бір тараптың дипломаттарына жасалған қадам, екінші тараптан айнымай қайталануда. Бұл күні батқан АҚШ-Ресей дипломатиялық қатынасының бір көрінісі болып барады. Жаппай дипломатия қызметкерлерін қысқарту, бір-бірінің елшіліктерін жауып тастау секілді істер соңғы үш айда тарихтағы ең бір шарықтау шегіне жетіп отыр. Бұл алдағы уақытта екі елдің баянды қарым-қатынасының тамырына балта шабуы мүмкін.

“The Qazaq Times”