Алматыда «Алматы туры-2017» веложарысын өткізу кезінде бірқатар көше жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Тур Алматы»  алғаш рет көпкүндік  жарыс форматы бойынша 30 қыркүйек пен 1 қазанда екі кезеңмен өткізіледі.

1 кезеңде, яғни 30 қыркүйекте веложарыс төменде аталған көшелерден өтеді:

  • 9:00 – 10:40 – қалалық айналым ( Төле би көшесінің бойымен Фурманов көшесіне дейін,Фурманов көшесінен жоғары Сәтпаев көшесіне дейін, Сәтпаев көшесінен Байзақов көшесіне дейін, Байзақов көшесінен Абай көшесіне дейін, Абай көшесінен Желтоқсанға дейін, Желтоқсан  көшесінен Төле би көшесіне дейін)
  • 10:40 – 11:00 - ШАЖ – Индустриалды аймақ (Төле би көшесінен Шығыс Айналма Жолына дейін, ШАЖ бойымен Әл-Фараби даңғылынан Индустриалды аймаққа дейін.
  • 11:00 – 14:30 – Индустриалды аймақ
  • 13:30 – 14:30 – Момышұлы бойымен «Алматы Аренаға дейін» және «Алматы Аренаның» ішкі аумағында мәреге жетеді.

1 қазанда болатын 2 кезең:

  • 09:45 – 10:05 - Талғар тракты бойымен «Халық аренадағы» жарыс орнына дейінгі;
  • 10:00 – 14:00 – Шығыс Айналма жолы бойымен – Тұңғыш Президент саябағы;
  • 12:40 – 14:40 - Достық даңғылы бойымен «Медеу»  мұз айдынындағы мәреге дейінгі аумақты қамтиды.

“The Qazaq Times”