Пентагон хакерлерді өзінің серверлерін бұзуға шақырады деп хабарлайды РИА Новости.

Пентагон «АҚШ әуе күштерін бұз» атты бағдарламаны іске қосқан. Бұл бағдарламаның мақсаты өз серверлерінің қорғанысын тексеріп көру және АҚШ-тағы ең мықты деген хакерлерді жұмысқа шақыру.

Пентагон ақпараттық қауіпсіздігінің басшысы Питер Кимнің айтуынша олардың серверлеріне күніне бірнеше хакерлік шабуыл жасалады екен. Осы бағдарлама арқылы Пентагон басшылығы өздерінің кибер қауіпсіздігінің осал тұстарында анықтап көруді жоспарлап отырған көрінеді.

Естеріңізге салайық АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде Ресейлік хакерлер АҚШ Демократиялық партиясының серверін бұзған болатын.

The Qazaq Times