АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помпео Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтеріне бейсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға қарсы санкцияларын қайта бастауға шақырды. Құрама Штаттардың мәлімдеуінше Тегеран билігінің ядролық қаруды жасауға күш салуда. Помпео мәлімдемесінде Ресей мен Қытай халықаралық санкцияны қолдамаса Құрама Штаттар бұл екі елге қарата жаңа санкция енгізетінін айтқан. 

Өткен аптада АҚШ Қауіпсіздік Кеңесті Иранға қару-жарақ экспортына тыйым салу мерзімін ұзартуға дауыс беруге шақырған, алайда дауыс беру оң натиже көрсетпеді. Қытай мен Ресей бұған қарсы дауыс берді, ал АҚШ пен одақтастардың көпшілігі бейтарап қалды. 2015 жылы ірі державалар мен Иран қол қойған Иранның ядролық келісіміне сәйкес, Тегеран билігі өзінің ядролық зерттеулер мен әзірлеген жобаларын жалғастырмау керек, оның орнына Біріккен Ұлттар Ұйымы Иранға экономикалық санкциялар салмауға келіскен. Сонымен қатар, Иранмен болған қару-жарақ келісімнің мерзімі осы жылдың 18 қазанда аяқталады.

Помпео өткен тәулікте телеарндағы ток-шоуда Иранға Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен қытайлық танктерді сатып алуға мүмкіндік бермейтінін, ол қарулар Таяу Шығыста қауіп пен тұрақсыздық алып келетінін айтты.

АҚШ-тың еуропалық одақтастары қару-жарақтың эмбаргосының мерзімі аяқталғаннан кейін санкцияны жалғастыру Тегеран билігінің Иранның ядролық келісімінен толығымен бас тартуына және ядролық қаруды зерттеу мен дамыту жобаларын қайта қолға алуына себеп болады деп алаңдайды.

Қауіпсіздік Кеңесінің дауыс беруде жеңілгеннен кейін АҚШ БҰҰ-ны Иранға қатысты ядролық келісімнің тиісті ережелеріне сәйкес Иранға қарсы экономикалық санкцияларды қайта бастауға шақырды. Алайда, бірнеше бақылаушылар Трамп әкімшілігін Иранның ядролық келісімінен шығарылатынын айтты, сондықтан Иранға экономикалық санкцияларды қалпына келтіруді талап ету қиынға соғады.

"The Qazaq Times"