NASA жерге алып астероидтың жақындап келе жатқанын мәлімдеді.

NASA ғалымдарының мәліметінше, жерге «2002 AJ129» алып астероиды жақындап келеді. Оның үлкендігі 1,2 километр болуы мүмкін және ол жерге қарата секундына 34 километр жылдамдықпен ұшып келе жатыр. Ғалымдардың сөзінше, «2002 AJ129» астероиды жерге қауіпті астероидтардың санатына жатқанымен оның жерге соқтығысу ықтималдығы нөлге тең.

“The Qazaq Times”