Өзбекстан халқының саны 32, 65 миллион адамға жетті – деп хабарлайды елдің мемлекеттік статистика комитеті.

Соңғы статистикалық зерттеулер бойынша, халықтың саны өткен жылдармен салыстырғанда 533, 4 мың адамға көбейіп, 32, 65 миллион адамға жеткен. Оның 50 пайызы (16, 53 миллионы) қалада, 49 пайызы (16,12 миллионы) ауылды жерде тұрады. Өзбекстан халқының басым көпшілігі Самарқант (3,72 миллион адам), Ферғана (3, 62 миллион адам), Қашқадария (3, 48 миллион адам) және Әндіжан (3,11 миллион адам) облыстарында тұрады.

2017 жылы Өзбекстан халқының табиғи өсімі 554,0 мың адамды құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 17, 4 мың адамға аз. 2016 жылы бұл көрсеткіш  571, 4 мың адам болған. 2017 жылы Өзбекстанда 775, 5 мың бала дүниеге келген.

“The Qazaq Times”