Женева қаласындағы Сүрия келісімі ресми Дамасктың қатысуынсыз өтуде.

Желтоқсан айының 5-і күні Женева қаласында БҰҰ-ның ұйымдастыруымен өткен кезекті Сүрия келісіміне ресми Дамаск өкілері қатыспаған. «Әл-Ватан» газетінің мәліметінше, Женева қаласында өтіп жатқан Сүрия келісіміне қатысуы тиіс ресми Дамаск өкілдері елден шықпаған және олардың Женеваға баруы екіталай. Себебі олар Сүрия оппозициясы қойып отырған талаптармен мүлде келіспейді.

Қазіргі таңда Женева қаласына Сүрия тарапынан тек оппозиция өкілері ғана келген. Олар бұған дейін Сауд Арабия астанасы Эр-Рияд қаласында өткен бас қосуда Башар Асадтың отставкаға кетуін талап еткен болатын.

“The Qazaq Times”