Оңтүстік Корея Өзбекстанға Дүниежүзі сауда ұйымына кіруге көмектеседі – деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан ақпарат агенттігі.

Ел президенті Шавкат Мирзиеевтің Оңтүстік Кореяға ресми іс-сапары барысында қос тарап бірнеше келісім шартқа қол қойған. Келісім шарт бойынша, Оңтүстік Корея алдағы уақытта Өзбекстанға Дүниежүзі сауда ұйымына мүше болу үшін көмектесуі тиіс.

Бұған дейін Өзбекстанға келген Еуроодақ делегациясы да өзбек еліне Дүниежүзі сауда ұйымына кіруге көмектесуге дайын екендігін мәлімдеген болатын. Қазіргі таңда ДСҰ-ға 164 мемлекет мүше.

“The Qazaq Times”