Қазақстан Респуликасының Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың қазақ билігіне қарата айтқан мәлімдемесіне пікір білдірді.

Бүгін Қайрат Абдрахманов Сенат отырысында Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесіне байланысты БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Ол онда: «Мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ретінде, дипломат ретінде өзге елдің президентінің айтқан сөздеріне баға беруге құқығым бар деп ойламаймын. Мен тек белгілі саясаттанушының сөзіне қосыламын. Қырғызстан Республикасының кетіп бара жатқан президентінің сөзі саясаткерге лайықты сөз емес» -деген.

Бұдан бөлек Қайрат Абдархманов Қазақстан үкіметі алдағы уақытта Қырғызстан тарапымен келісілген жоспар бойынша жемісті жұмыс істеуге сенім білдіретінін айтқан.

Естеріңізге салайық, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ұлттық Кеңес отырысында Қазақстан билігін кезекті рет сынға алып, қазақ-қырғыз шекарасындағы дауға ресми Астананы кінәләған болатын.

“The Qazaq Times”