Қытай басшысы сәтті сауда мәмілесін танытып, АҚШ президентін Бейжіңдегі тарихи орын «Зыжиң» ордасын аралатты.  Сол арқылы Ақ үй басшысына жақсы әсер қалдыруға тырысты. Ал, Трамп Солтүстік Корея мәселесі бойынша Қытайға қолқа салумен болды, тіпті Қытай-Солтүстік Корея арасындағы сауда байланысын тоқтатуды көздеді.

Бұл рет екі ел арасында қолға алынған  сауда мәмлесінің құны шамамен 9 миллиард АҚШ долларын құрайды.  Қытай жағы Трамптың ұшағы Бейжіңге қонудан бұрын  АҚШ-пен жасасқан сауда көлемі $ 27 миллиардтан асып кеткенін жариялап үлгерген еді. Сәрсенбі күні түстен кейін Қытай мен АҚШ басшылары және олардың ханымдары, Бейжіңдегі «Гу-Гоң» тарихи қорғанын және оның ішіндегі «Зыжин ордасын» аралады. Сондай-ақ,  дәстүрлі Бейжің театрын бірге тамашалады.

Трамп Бейжіңге келерден бұрын Оңтүстік Корея сапары кезінде КХДР-ға қарата қатаң ескерту жасап, Ким Жоң Унға бағытталған зілді сөздерін айтып еді. Жапонияға да Солтүстік Кореяның артып келе жатқан ядролық қаупіне қарсы ортақ күресу туралы сөз етіскен. Трамптың бұл реткі Азия елдеріндегі сапары 12 күнге дейін жалғасқалы отыр. Бұл Ақ үй басшыларының соңғы 25 жылдағы осы аймақтағы ең ұзақ сапары. Азия-Тынық мұхиттің 5 еліне және екі елдегі халықаралық мәжіліске қатысты. Заманның танымал кейіпкеріне айналған Трамптың бұл сапары туралы «WSJ» басылымының сарапшысы Жералд Сейб (Gerald F. Seib) көлемді сараптама жариялады.

Президент Трамп Қытай төрағасымен бұдан бұрынғы кездесуі кезінде, барлық амалды қолдана отырып, Солтүстік Кореяға қысым түсіруді талап еткен болатын. Қытай болса, ядролық соғыстың бірі білтесін, бірі оттығын ұстаған екі елдің де саудадағы ең үлкен серіктесі. Трамп Оңтүстік Кореяда жасаған баяндамасы кезінде, «Қытай не үшін әлемді дүрліктірген бұл көршісіне көмектесе береді?» деген сауал тастап еді. Ол Бейжіңге аттанған кезде, Ақ үй лауазымдыларының бірі Қытай мен Солтүстік Корея байланысы туралы журналистердің сұрағына: «Бұл екі ел арасындағы қаржылық байланыс БҰҰ тарапынан шектеуге ұшыраған. Егер кездесу кезінде Трамп Ши Жинпиңге ол туралы сөз қозғаса, бұл алаңдаушылық туғызады. Керісінше, АҚШ Қытаймен болған сауда-экономикалық байланысты нығайта түссе, онда Қытайдың Солтүстік Кореямен болған астыртын байланыстары өздігінен бұзылатын болады», – деген пікір білдірген.

Қытай СІМ өкілі болса: «Қытай қашанда БҰҰ -ның ережелеріне бойсұнады. Әрі БҰҰ бекіткен санкцияларды орындайды. Бұл туралы қандайда бір заң бұзушылықтарды тізгіндеуге дайынбыз», – деген еді.  Ал, алдынғы пікір білдірген Ақ үй лауазымдысы Трамптың кездесу кезінде «АҚШ пен Қытай арасындағы аса теңсіз экономикалық байланыс» немесе «әділетсіз бәсекелік орта» деген секілді пікірлерді айтуы мүмкін деп болжаған болатын.

Ал, жоғарыдағы ақ үй мәнсаптысы кезекті сапарында Доналд Трамп «Қытай мен АҚШ арасындағы аса теңсіз экономикалық байланыс » немесе «әділетсіз бәсекелік орта» деген сияқты пікір айтуы мүмкін деп тұспалдар жасайды.

АҚШ пен Қытай арасындағы 9 млрд доллар көлеміндегі сауда шартына General (General Electric Co.) электр компаниясы, Smithfield Foods Incб компаниясы, Қытай-Мыс компаниясы қатарлы ірі кәсіпорындар қол қойды. АҚШ сауда министрі Уилбур Росстың жасаған мәлімдемесінде бұл қадамдарға қарап, екі елдің сауда ынтымақтастығынан зор үміт күтетінін жеткізді. Сонымен бірге келісім Трамп сапарының оң нәтижесі және Қытайдың әділетсіз әрекетін тежеп, бүлінген арналарды қайта қалпына келтіру деп бағалады. Дегенмен, Трамптың осыдан бұрын Қытай билігіне қаратқан ауыр сөздері туралы пікір білдірмеді. Дегенмен, Уилбур Росс екі елдің жетпекші мақсаттарының екі басқа екінін мойындады.

Сарапшылар мен дипломаттар жақында ғана Қытайдың ең үлкен билігін мықтап қолға алған Ши Жинпиң сауда қатынасын түбегейлі дамытуға құлықты бола қоймас деп болжайды. Себебі, сауда қатынасының дамуы АҚШ-тың Қытай базарына теңдей ықпал етуіне алып келеді, ал оны Қытай басшысының тоқтатуы қиынға соғады. Бір қарағанда, Қытай басшысы сауда істерінде кең пейілділік көрсетіп, Трамппен келісімге талпынған бейнеде. Бірақ, бұл мәміле Трамп үшін жағымды болғанымен, екі ел арасындағы сауда қақтығысын жоя алмайды деп қарайды.  Ал, экономистер болса, бұл келісімдердің екі ел арасында сауда тапшылығын кішірейте алмайтынын айтады. Оксфорд Экономика институтының  сараптауынша екі ел арасындағы сауда тапшылығы биылдың өзінде 340 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл өткен жылдағыдан 347 млн долларға көп.

АҚШ-тың бірқатар сауда өкілдері, Трамп Қытайдың саудадағы заңсыздықтарына төлем талап ететін болса, Қытайда бұған ерегесіп, есе қайтаруға тырысуы мүмкін деп алаңдайды. Ал, АҚШ-тың Soybean экспорт ұйымының Солтүстік Азия елдеріндегі жауаптысы Паул Бурктың айтуынша, аталған ұйымға қыркүйекте Қытайдың Ауылшаруашылық және Сауда министрлігі жағынан ашық ескерту жасалған. Сонымен бірге жиналыстарда Қытай үкіметінің өкілдері «Егерде сауда белгісіз себептермен тоқтап қалатын болса, өкініш арқалайтын боласыңдар» деген секілді ескерту беріп, сол арқылы АҚШ-тың танымал өнімдер өндіретін кәсіпорындарына қысым түсіргенін жеткізді. Трамп сапары кезінде қол қойған сауда өкілдерінің бәрі де екі ел арасындағы сауда мүмкіндіктерін бұзып алмауды көбірек талап етті. Partner Reinsurance-тің бас атқарушысы Тад Уелкер (Tad Walker) болса Қытаймен келісім барысында Трамптың бұдан көрі байсалды да айбатты қалпын сақтауын тілейтінін де айтып салды. Ол және өз компаниясының Қытай базарына кіруіне рұқсат алу үшін 2015 жылдан бері күтіп келе жатқанын айтты.

Бір сөзбен айтқанда, Трамп өз елінің бірқатар ірі компанияларының Қытай базарына кіруіне жол ашып қайтты. Көптен бергі екі ел арасындағы саудадан өрбіген кірбеңдікті жойып, еркін сауда мен әділетті нарық ортасын қалыптастыруға тырысқандай көрінді. Трамп бұл арқылы Қытайды өз дегеніне көндіріп, Солтүстік Кореямен болған сауда байланысына тосқауыл қойғысы келгені байқалады. Дегенмен, бұған Қытайдағы теңдессіз билікті шеңгелдеп отырған Ши Жинпиңнің берер жауабы да дайын секілді. Бұл жолы Трампты Қытай тарихындағы ең үлкен салтанатпен күтіп алды. Онысы Ши-дің ел ішіндегі ықпалын арттыруға, әлемге дөңайбатын көрсетуге жасағаны деуге болады.

“The Qazaq Times”