Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев өзбек әскерінің материалды-техникалық базасын жақсарту мен әскери білім беру саласын дамыту керегін айтты.

Самарқанд қаласында өткен әскери виеоселекторлық кеңесте Шавкат Мирзиеев: «Біз жоғары білімді, жан-жақты дамыған әскери қызметкерлерді дайындауға тиістіміз. Осыған байланысты алдағы уақытта Республика бойынша 29 әскери лицей ашылатын болады. Бұл лицейлар бұрынғы лицейлерден мүлде өзгеше болуы керек. Себебі бұл лицейлерді жоғары білімді, физикалық тұрғыдан мықты,интеллектуалды дамыған сарбаздар бітіріп шығуы тиіс. Өйткені бүгін өз әскеріне қолдау көрсетпеген ел, ертең өзге елдің әскеріне қолдау көрсететін болады» - деген.

Бұдан бөлек Шавкат Мирзиеев Өзбекстан әскеріндегі жоғары шенді азаматтарға Отан қорғаушылар күнін мемлекеттік деңгейде, жалпы халықтық мереке ретінде атап өту керектігін айтып, осыған байланысты тиісті тапсырмалар берген.

“The Qazaq Times”