Канадада ұсталған қазақстандық хаккер Кәрім Баратов АҚШ-қа экстрадицияланатын болды, деп хабарлайды Associated Press ақпарат агенттігі.

22 жастағы Кәрім Баратовты АҚШ-қа экстрадициялауға байланысты сот отырысы қыркүйек айында өтуі керек болған. Алайда Баратов өз еркімен Америкаға экстрадициялануға келіскен. Оның қорғаушысының айтуынша, Баратовтың бұл шешімі соттың тезірек аяқталуына көмегін тигізеді.

АҚШ прокуратурасының мәліметінше, Кәрім Баратов Ресей федералды қауіпсіздік қызметіне жұмыс істеген. Ол ұсталғанға дейін Yahoo әлеуметтік желісіндегі 500 миллион жеке поштаны бұзған.

Кәрім Баратов Канада азаматтығын 2011 жылы алған. Ол Yahoo сайтына шабуыл жасады деген күдікпен наурыз айының 15-і күні қамауға алған.

“The Qazaq Times”