CRRC және Rail Rapid Transit фирмалары жаңа инновациялық "ақылды автобус" жобасын ұсынды. Жоба темір рельстерсіз жүретін трамвайлар негізінде жасалған. 

Гидравликалық 30 метрлік автобус электр тоғымен жүреді. Бір қуаттап алып, 40 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтуге болады.

Үш вагонды қоғамдық көлік бір мезгілде 300 шақты жолаушыны тасымалдай алады. Болашақта 500 орындық трамвайларды да жасау жоспарда бар екен.

Жаңа «ART» концепциясы 2018 жылы Чжучжоу қаласында қолданысқа беріледі.

“The Qazaq Times”