Болгария президенті Румен Радев Болгрияның азат ел атанғанына 140 жыл толуына орай өтетін салтанатты шараға Ресей басшысы Владимир Путинді шақыратынын мәлімдеді.

«Жақын уақытта мен РФ президенті Путинмен сөйлесемін. Сол кезде Болгрияның Осман империясы езгісінен құтылғанына 140 жыл толуына орай ұйымдастырылатын шараға шақырамын.» деді Румен Радев BTV телеарнасына берген сұхбатында.

Бұдан бөлек Румен Радев осыған байланысты кейбір депутаттардың айтқанына қосылмайтынын, солар үшін ел тарихына қарсы келгісі келмейтінін айтқан.

Бұған дейін Радевтің Болгария тәуелсіздігінің 140 жылдығына  Ресей президенті Владимир Путинді шақыруына бір қатар саясаткерлер мен Болгарияның бұрынғы президенті Росен Плевнелиев өз қарсылықтарын білдірген болатын.

“The Qazaq Times”