Қазақстан 2017 жаңа жылдың алғашқы күнін  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүше елі болумен бастады. Бұл Орталық Азия бойынша аталған кеңеске мүше болған тұңғыш ел болып саналады.

Өткен жылы 28 маусымда Қазақстан БҰҰ-ның 70 кезекті пленаралық отырысында 138 дауыстан 55 дауыс жинап, мүшелікке үміткер Тайлант, Эфиопия, Боливия, Швеция қатарлы елдерден басым түсіп, 2017-2018 жыл аралығында Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшесі болып тағайындалған. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде Қауіпсіздік кеңеңсінің мүше елі болып саналады.

ҚР президенті Н. Назарбаев Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуының маңызы туралы сөйлеген сөзінде: «2017-2018 жылдарда кезектен тыс халықаралық қатынастарда қалыптасқан шешілуі қиын ескі проблемалармен қатар, күрделі жаңа проблемалар да туады. Қазақтсанның бұл кеңеске мүше болуы, халықаралық қатынастардың болашағынан алып айтқанда, осы кездесетін проблемаларды шешуді қамтамасыз ететін бір орайы» - деген болатын. Сонымен бірге «Қазақстан әлем назарындағы ядролық құралдан бас тарту ісін табанды жалғастырады. Биологиялық және химиялық қаруларды жою ісіне ат салысады, лаңкестікке қарсы тұру ісіне, су, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салады» деп атап айтты.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ұйымында 5 тұрақты, 10 тұрақты емес мүшесі болып жалпы 15 ел бар. Тұрақты мүшлер – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлы Британия және  Франция сынды бес ел. Қалған 10 тұрақты емес мүшені БҰҰ бас ассамблеясы 193 елдің ішінен талдап алады. Оның өзінде де 3\2 дауыс жинаған елді қабылдайды.

Қытай ақпарат құралдарында бұл туралы ақпаратты таратумен бірге Қазақстанның қазіргі халықарадағы беделінің артып келе жатқанын да сөз етіпті. Мысал ретінде Қытайдың ең үлкен ақпараттық сайттарының бірі «Қытай-ақпарат» сайты (news.sina.com.cn): «Қазақстан осыған дейін Еуразиялық сауда одағына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше ел ретінде БҰҰ қауіпсіздік кеңеңсінің сеніміне ие ел. Соңғы жылдары Қазақстанның халықаралық беделі жоғарлап келеді. Айталық Украина дағдарысын шешуге белсене ат салысты және Сирия ісін бейбіт шешу келіссөздеріне флатформаларды  қамтамасыз етті. Сонымен қатар Қазақстан Орталық Азиядағы ықпалды ел. Қазақстан Орталық-Азияның өкілі ретінде өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтауда үлкен рөл ойнайды» - деп жазған.

"The Qazaq Times"