АҚШ-тың Солтүстік Кореяға аттандырған «Карл Винсон» бастағын әскери теңіз күштері бағытын өзгертті деп хабарлайды bbc.com сайты.

Өткен аптада Дональд Трамп Солтүстік Корея мәселесін өзі шешетінін айтып, егреде Пхеньян ядролық зымырандарын сынақтан өткізетін болса, АҚШ әскери күш көрсететінін мәлімдеген болатын. Осыдан кейін  Корей түбегіне «Карл Винсон» ұшақ тасмалдағыш кемесімен, АҚШ әскери теңіз күштері келіп тұрақтаған  болатын. Дональд Трамптың бұл шешіміне   Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын, АҚШ-тың кез келген әскери әрекетіне жауап беруге дайын екендігін айтқан еді. Тіпті Пхеньянда әскери  шеру өткізіп, баллистикалық зымырандарын жұрт назарына ұсынған болатын.

Енді міне АҚШ әскери теңіз күштері «Карл Винсон» ұшақ тасмалдағышымен бірге Австралияны бетке алыпты. Пентогонның хабарлауынша АҚШ пен Австралия әскери теңіз күштері бірігіп оқу жаттығу жұмыстарын өткізуі тиіс екен.

“The Qazaq Times”