Қытайда «акустикалық шабуылдан» АҚШ дипломаты зардап шекті.

Мамыр айының 23-і күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытайдағы АҚШ дипломаттарына қатысты журналистер алдында сөз сөйлеген. Онда ол: «Қазіргі таңда АҚШ билігі Қытайдың Гуанчжоу қаласында түсініксіз дыбыс толқындарынан зардап шеккен АҚШ дипломатының хәл-жағдайын бақылауда ұстауда. Медициналық қорытындылардың барлығы Қытай мен Кубада болған оқиғалардың бір санаттан екендігін көрсетуде. Біз қазір осыған байланысты тиісті шаралар қабылдап жатырмыз» - деген.

Өз кезегінде Қытай сыртқы істер министрі Ван И: «Ресми Бейжің Гаунчжоу қаласында зардап шеккен АҚШ дипломатына ешқандай «акустикалық шабуылдың» жасалмағандығын анықтады. Десе де, тексеру жұмыстары жалғасуда» - деп мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін 2017 жылы АҚШ-тың Кубадағы дипломаттарына акустикалық шабуыл жасалып, салдарынан 24 адам зардап шеккен. Бірақ жергілікті билік «акустикалық шабуылдың» болмағандығын алға тартып, тексеру жұмыстары тығырыққа тірелген.

“The Qazaq Times”