Үндістан баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді – деп хабарлайды TheTimes of India ақпарат көзі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, 20 ақпан күні Үндістан стратегиялық күштері Орисса штатындағы Абул Калам сынақ алаңында «Агни-2» баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген. Ұзындығы 20 метрлік екі сатылы «Агни-2» баллистикалық зымыраны салмағы 1 тоннаға дейінгі оқтұмсықтарды 2000 шақырымға тасымалдауға қауқарлы. Ол соңғы үлгідегі навигациялық құрылғылармен жабдықталған.

Қазіргі таңда Үндістан қарулы күштерінің арсеналында «Агни-2» баллистикалық зымыранынан бөлек, 3,5 мың шақырымға ұшатын «Агни-4», 5 мың шақырымға ұшатын «Агни-5» және 10 мың шақырымға ұшатын «Агни-6» баллистикалық зымырандары бар.

Бұған дейін Үндістан қарулы күштері 2017 жылдың қараша айында тұңғыш рет «БраМос» қанатты зымырандарын сынақтан өткізген болатын. Ол үшін үндістандық құрастырушылар «Су-30 МКИ» бомбалаушы ұшағын арнайы модернизациядан өткізген.

“The Qazaq Times”