Сингапурда пара бермек болған Қазақстан азаматшасы қамауға алынды деп хабарлайды The Straits Times ақпарат көзі.

26 жастағы Қазақстан азаматшасы Елена Калугинаны Сингапур соты инспектор Лу Хун Юэге 2150 доллар көлемінде пара бермек болғаны үшін 4 аптаға түрмеге жапқан.

Сингапур сотының мәліметінше, жергілікті полиция инспекторы Лу Хун Юэ мен Ксавье Сео Хун Royal қонақ үйіне заңсыз виза пайдаланған Калугинаның бөлмесін тексеру үшін барған. Сол сәтте Елена Калугина Лу Хун Юэ мен Ксавье Сео Хунға өзін босатуын сұрап, 2150 доллар көлемінде пара ұсынған. Бірақ полиция қызметкерлері парадан бас тартып Калугинаны бөлімшеге алып келген.

Сингапур заңы бойынша пара ұсынған адамға 100 000 доллар көлемінде айыппұл салынады немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Бірақ Калугинаға Сингапур соты жеңілдік жасап тек 4 аптаға қамауға алуға үкім шығарған.

“The Qazaq Times”