АҚШ құпия жер серігін ұшырды – деп хабарлайды SpaceX ғарыш компаниясының баспасөз қызметі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, SpaceX компаниясына тиесілі Falcon-9 зымыраны АҚШ үкіметіне тиесілі құпия жер серігін ғарышқа алып шыққан. Зымыран қаңтар айының 8-і күні жергілікті уақыт бойынша сағат 5:00-де Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылған.

Әзірге АҚШ ресми органдары Falcon-9 зымыраны алып шыққан жер серігінің қандай мақсаттарға пайдаланылатыны жөнінде ешқандай мәлімдеме жасамаған.

“The Qazaq Times”