Жанкешті НАТО әскеріне шабуыл жасады - деп хабарлайды Голос Америки ақпарат агенттігі.

Ауғанстан астанасы Кабул қаласында жанкешті көше тыныштығын күзетіп жүрген НАТО әскеріне шабуыл жасаған. Салдарынан үш адам түрлі дене жарақаттарын алған. Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккен адамдардың барлығы Ауғанстан азаматтары. Ведомства НАТО әскері жайында ешқандай ақпарат таратпаған.

Кабул қаласының орталығында болған бұл жолғы лаңкестік шабуылды Талибан қозғалысы өз мойынына алған. Қозғалыс өкілі Забихулла Муджахидтің сөзінше, террорлық шабуыл салдарынан көптеген америкалық сарбаз ауыр жарақат алып, бірнеше автокөлік істен шығарылған.

“The Qazaq Times”