Стамбұл қаласында ұшақ апатқа ұшырады – деп хабарлайды DHA ақпарат агенттігі.

DHA мәліметінше, қыркүйектің 21 күні Стамбұл қаласының Ататүрік атындағы әуежайында TC-KON жеке меншік ұшағы апатқа ұшыраған. TC-KON ұшағы апаттан 10 минут бұрын Ататүрік әуе жайынан Солтүстік Кипр Республикасына бет алған. Алайда әуеге көтерілген бетте ұшақ экипажы қайтып қонуға рұқсат сұраған. Қону барысында TC-KON ұшағы әуежай жолағынан шығып кету салдарынан өртке оранған. Оқиға орынына барған құтқару қызметі ұшақ бортынан екі ұшқыш, бір стюардесса және бір жолаушыны шығарып алған.

“The Qazaq Times”