2017 жылдың қаңтар-шілде айында Қазақстан 353,2 млн долларға 2,2 млн тонна бидай экспорттаған. 

Бұл көрсеткіш 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тонна бойынша 13,1%-ға, ақшалай түрде 12,9%-ға төмендеген.

Бидай мен меслиндердің ең көп мөлшері Өзбекстанға (102,4 млн долларға 870,7 мың тонна), Тәжікстанға (86 млн долларға 529,8 мың тонна) жеткізілген. Ал Қытайға 37,6 млн долларға 207,3 мың тонна, Ауғанстанға 23,6 млн долларға 145,6 мың тонна, Қырғызстанға 22,2 млн теңгеге 126,1 мың тонна өнім сатылған.

Осы кезеңде 247,1 млн долларға 1,2 млн тонна ұн жеткізіліп, негізгі сатып алушы Ауғанстан болған. Аталған ел 172,6 млн долларға 800,4 мың тонна ұн сатып алған.

Сондай-ақ, Өзбекстанға 56,1 млн долларға 315,5 мың тонна, Тәжікстанға 6,1 млн долларға 29 мың тонна, Түркіменстанға 5 млн долларға 17 мың тонна ұн жеткізілген.

“The Qazaq Times”