Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында сөз сөйледі.

Ол онда соңғы жылдары Өзбекстанда болып жатқан саяси, экономикалық өзгерістерге қысқаша тоқтала келе: «Өзбекстан Орталық Азиядағы барлық көршілес мемлекеттермен диалог жасауға дайын. Біз кез келген салада көршілерімізбен компрамиске барамыз» - деген.

Бұдан бөлек Шавкат Мирзиеев БҰҰ-дан Арал теңізіне, Орталық Азиядағы су мәселесі мен терроризмге назар аударуын сұраған.

“The Qazaq Times”