Мәжіліс және мәслихат сайлауына 11,8 млн азамат дауыс бере алады. Сайлауда уақытша тіркеуі бар-жоғына қарамастан барлық қазақстандықтың қатысуына мүмкіндігі бар, егер... Бүгін Орталық сайлау комиссиясы депутаттарды сайлау науқанына сайлаушылар тізімін ұйымдастыру туралы партия өкілдері мен әртүрлі мемлекеттік мекемелер бірге жиын өткізді.

Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қоры (ЖТМДҚ – QT) негізінде енді аумақтық сайлау комиссиялары сайлаушылар тізімін түзеді. Оны жергілікті атқарушы органдарымен пысықтамақ.

«2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне 11 млн 820 мың 318 азамат енгізілді. ЖТМДҚ арқылы тізімдеу бұрынғыша «көше мен аула араламауға» мүмкіндік беріп, бір адамның бірнеше өңірде тізімделуінің не еш жерде тіркеусіз қалып қоюының алдын алады», –  дейді ОртСайлауКом төрағасының орынбасары Константин Петров.

Жаңа тәртіп бойынша, уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізіміне жергілікті атқарушы органдарға өтініш беріп қана енгізіледі. 10 желтоқсанға дейін тіркеу болмаған жағдайда азаматтар дауыс беруге арналған учаскені таңдау туралы жергілікті атқарушы мекемеге өтініш жасауға құқылы. Яғни сайлаушы сайлаудан 30 күн бұрын, желтоқсанның 10-ына дейін жауапты органға барып, өтініш жаза алады. Бұл – түзде жүрген жанның дауыс бере алатын жалғыз амалы. Егер 10 желтоқсанға дейін сайлау күні болатын өңірге тіркеліп үлгермесе, онда азамат дауыс бере алмайды. Сондықтан 558 учаске құрылған.

Және жиында айтылған ереженің бірі – 20 желтоқсанға дейін әр әкім өз аумағындағы сайлаушылардың тізімін учаскелік сайлау комиссиясына өткізуі тиіс. Бұл тізімде бар-жоғын білу үшін 26 желтоқсаннан бастап танысуға болады. Егер сіз туралы мәліметте қандай да бір қате кетсе, сол жерде шағымданып, түзетуге болады. Бірақ дауыс бюллетеньдерін санау басталғаннан кейін сайлаушылар тізіміне өзгертуге тыйым салынады.

Қазақстан шетелдердегі өкілдіктері жанынан әлемнің 51 елінде сыртта жүрген не тұратын және ұзақ мерзімді іссапардағы мемлекеттік жарамды паспорты бар барлық азаматтарға арнап 66 сайлау учаскесі құрылды.

Ұзақ жылдардан бері екінші мәрте Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау заңда көзделген уақытта, 2021 жылы 10 қаңтарда өту жоспарланған. Басқа бес сайлау өз мерзімінен тыс уақытта өткен. Дегенмен «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын бағдар тұтқан билік бұл жолы депуттардың кандидатын емес, толықтай партиялық тізім бойынша сайламақ. Бұл бюллетеньде депутаттың аты-жөні емес, партияның атауы болады деген сөз. Бұған тәуелсіз саясаттанушылар мен азаматтық қоғам сайлаушылары, құқық қорғаушылар бірауыздан қарсы екендігін айтады.

Қазақстандағы сайлаушылардың болжалды саны. Фото: ОртСайлауКом мәліметі

"The Qazaq Times"