Қазақстан бюджеті  қаңтар-қыркүйек айларының аралығында коронавирус пандемиясы мен оны таратпау мақсатында енгізілген шектеу шараларының салдарынан шамамен 1,1 трлн теңге қаржыдан қағылды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев ОртКом брифингінде айтқан дерегіне қарағанда, тоғыз айда түсім көлемі 1 трлн 100 млрд теңгеге кеміген.

Бұдан өзге, Сұлтанғазиев «бизнес саласына мемлекет тарапынан 1,5 трлн теңге сомаға жеңілдіктер, кейінге шегерім т.б. түрде қолдау көрсетілгенін» айтады. Ал кәсіпкерлік саласындағы салық алымына байланысты нақты шығын 300 млрд теңгеге жеткен.

"The Qazaq Times"