Қазақстанда коронвавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 50 мыңнан асып жығылды. Науқастардың саны бойынша Атырау облысы көш бастап тұр.

Ресми статистика бойынша 7 шілде республикада 1376 адамнан инфекция анықталып, оның 847-сінен вирустың клиникалық белгілері байқалмаған. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Бірнеше күн бойы 300-ден аса науқас тіркеліп келген Атырау облысында 6 шілде күні тек 101 адамнан вирус анықталған болатын. Бірақ, 7 шілде облыста инфекция жұқтырған 264 адам анықталып, облыс вирустың таралу қарқыны бойынша қайтадан алғашқы орынға шықты. Қазір облыста жалпы саны 6156 науқас тіркелген. Республика бойынша КВИ жұқтырғандардың саны 51 059-ға жетті.

Өңірлердегі статистика төмендегідей:

  • Алматы қаласында - 6501 (+143 жаңадан қосылған),
  • Атырау облысында - 6156 (+264),
  • Нұр-Сұлтан қаласында - 6057 (+73),
  • Қарағанды облысында - 5520 (+184),
  • Шымкент қаласында - 3659 (+65),
  • Батыс Қазақстан облысында - 3509 (+86),
  • Алматы облысында - 2750 (+59),
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2313 (+135),
  • Түркістан облысында - 2051 (+10),
  • Жамбыл облысында - 1866 (+77),
  • Ақтөбе облысында - 1850 (+22),
  • Маңғыстау облысында - 1672 (+82),
  • Ақмола облысында - 1512 (+28),
  • Павлодар облысында - 1507 (+47),
  • Қызылорда облысында -1487 (+31),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1446 (+28),
  • Қостанай облысында - 1203 (+42).

"The Qazaq Times"