Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтындағы соңғы мәлімет бойынша  20 маусым күні елде вирус жұқтырудың 446 дерегі тіркелген.

Пандемия вирусын жұқтырған адамдардың жалпы саны­  17225 адамды құрады. Сырқаттардың басым көпшілігі Алматы, Астана мен Шымкент қаласында және Атырау,Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Бұл аймақтардың әрқайсысында науқастардың саны мыңнан асады. Нақтырақ айтсақ, Алматыда—3358, Астанада—3245, Қарағанды облысында—1839, Атырау облысында—1402, Шымкентте—1277, БҚО—1125 адам вирус жұқтырған делінеді ресми мәліметте. Сонымен қатар,министрлік коронавирустан емделіп шыққандар саны 10671-ге, қайтыс болғандар саны 118-ге жетті деп отыр.

Қазақстанда карантин шаралары жұмсартылғаннан кейін инфекцияны жұқтырушылар саны күр өсті. Билік өкілдері вирустың өршуіне қарапайым халықтың қорғаныс ережелерін сақтамағандығы себеп болды дейді. Ал, ел ішінде коронавирус инфекцисының бар екендігіне күмәнмен қарайтындар көп.

"The Qazaq Times"