Қазақстан шенділерінің арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап артып жатыр. Бүгін,  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтен де  коронавирус инфекциясы анықталғаны белгілі болды.

Бұл жайында вице министр өзінің фейсбук парақшасында “Бүгін менің тестім оң нәтиже көрсетті. Жағдайым “мәз” емес”. “Екі күн бойы вагондап жүк түсіргендеймін немесе бірнеше гектарға картоп еккендеймін”. Кімнің басынан өтті, сол түсінеді” деп жазба қалдырды.

Өз сөзінде ол вирустың кімнен жұққандығын білмейтіндігін, қорғаныстың барлық шараларын қолданса да олардың күшң тек жұқтыру мерзімін аз уақытқа шегере тұруға ғана жеткендігін айтты.

Қазақстан шенеуніңтерінің арасына корноавирус жұқтырғандардың анықталуы бір бұл емес. Күні кеше мемлекеттің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен вице-премьер Ералы Тоғжановта пандемия вирусы бар екендігі белгілі болды. Оның алдында коронавируспен ауырғандар қатарына ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли, Парламент мәжілісінің спикері  Нұрлан Нығматулин  және депутаты Бекболат Тілеухан, денсаулық сақтау министр Елжан Біртанов  секілді шенеуніктер қосылған.

"The Qazaq Times"