Әлемдік ақпарат құралдарындағы ең негізгі тақырыпқа айналған Қытайдан бастау алған COVID-19, бүгінге дейін әлем экономикасының алға сүйреуші болып келген мұнай бағасының ең төменгі шетктен де құлдырап кетуімен бірге корей КХДР-ның дара билеушісі, салыстырмалы түрде болса да бейбіт әлемді ара кідік ядролық қаруымен қопақтатып отыратын Ким Жоң-уннің(Kim Jong-un) жағдайыда кеңінен талқыланып жатыр.

Бұған дейін оңтүстік кореялық Daily NK басылымының солтүстіктегі көршілерінің ең жоғарғы басшысының жүрегіне ота жасалғаны туралы хабар мен қоса 11 сәуірден бері жұрт көзінен таса болуының үстіне 15 сәуірдегі солтүстік корей елінің ең үлкен мерекесінің бірі атасы Ким Ил-саңның(Kim Il-Sung) туған күніне арналған мерекеге қатыспауы жұрт күдігін күшейтіп жіберді.

Көптен бері жұрт алдына шықпай кеткен жас диктатор туралы әлем желіні қаптаған қауесет тіптен оның мұрагерінде сайлап үлгерді. Айтылуынша оның орнын бірге туған қарындасы Ким Ио-жоң(Kim Yo-jong) келуі мүмкін. Ал Ким Жоң-уннің сегіз жасар қызы Ким Жу-аны (Kim Ju-ae) тақ мұрагері деп жатқандар да бар.

Бұлардан тыс Ким Жоң-уннің бірге туысқан, әкесі Ким Жоң-илдің тұсында лауазымды қызметтер атқарған әпкесі Ким Сол-соң(Kim Sol-song) мен туған ағасы Ким Жоң-чулдің (Kim Jong-chul) мүмкіндігі туралы әзірге ешнәрсе айтылған жоқ.

Ким Жон Унның денсаулығы, тіптен өлі-тірі екендігі бүкіл әлемде талқылауға түскенімен Солтүстік Корея ақпарат құралдары ең жоғарғы басшысы туралы реакция білдірген жоқ. Reuters ақпарат агенттігі Қытайдың бір топ білікті дәрігерлер делегациясының Солтүстік корейге баруын Кимнің денсаулығы туралы кеңес беріп, оның жүрегіне ота жасатқанын білдіреді деп топшылайды. Сондай-ақ, жерсеріктік суреттерде оның жеке пойызы жағалаудағы Вонсан курорттық аймағынан көрінгенін анықтаған.

Қалай болғанда да алдығы уақытта Пектусан тауынан ақбоз атты диктатордың өзін, болмаса туған қарындасын көруіміз бек мүмкін. Бір анығы сегіз жасар қызын мұрагер ретінде жуық арада көре қалмасымыз анық. Сондай-ақ алдағы біраз уақытқа дейін Чосон елінің сыртқа қарата бағыттап қойған оқ тұмсықтарыда жинала қоюы екіталай.

"The Qazaq Times"